432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды

  • 120
  • UPD: 17:59, 24.03.2021
Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды

Армения парламенті былтыр қыркүйек айында Таулы Карабахтағы қақтығысқа байланысты енгізілген әскери жағдайды алып тастады.

Әскери режимді тоқтатуды қолдап 118 депутат дауыс берген. Заң жобасын парламентке екі оппозициялық фракция ұсынған.

Айта кетейік, Арменияда оппозиция әскери режимді тоқтатуды қарашаның 10-ынан бері үш рет ұсынған. Алайда үкімет мұндай шешімнен бас тартып келген.

Хабар 24 телеарнасы