NASA Марсқа тікұшақ қондырады

Адамзат тарихында алғаш рет Марсқа тікұшақ қонады. НАСА тарихи оқиғаны 8 сәуірде іске асырмақ.

Тікұшақ кейпіндегі дрон былтыр жазда ұшырылып, биыл 18 ақпанда «қызыл ғаламшарға» қонған «Пө(р)сивирәнс» әуе кемесіне бекітілген. Ұшу құралының салмағы 2 келіге жетпейді, бірақ қуатты бірнеше камерасы бар. Осы арқылы ғалымдар Марсты суретке түсіріп, зерттеу жасайды. 80 миллион долларға жасалған тікұшақ «қызыл ғаламшар» үстіне 3, кейін 5 метрге, сосын шамасы жеткенше одан әрі көтерілетін болады.

Боб Баларам, жобаның аға инженері:

- Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін көп уақыт жұмсалды. Бағдарлама бірнеше рет сәтсіздікке ұшырап, әбден жетілдірілді. Құрылғыларды Марстағы Жерге мүлде ұқсамайтын атмосфералық жағдайға бейімдедік. Енді тікұшақ неше түрлі маневр жасап, зерттеу ісіне үлес қосуы тиіс.