425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дубайдың қаржы министрі дүниеден озды

  • 212
  • UPD: 22:04, 24.03.2021
Дубайдың қаржы министрі дүниеден озды

Біріккен Араб Әмірліктерінде Дубайдың қаржы министрі – шейх Хамдан ибн Рашид Аль Мактум дүниеден озды.

Марқұм эмираттың қазіргі басшысы (эмир) Мохаммед ибн Рашид Аль Мактумның туған ағасы. 

Ағасының қайтыс болғаны туралы Мохаммед ибн Рашид Аль Мактум твиттерде жазды.

Шейх Хамдан ибн Рашид Аль Мактум 75 жаста болған. 1971 жылдан бері Дубайдың қаржы және өнеркәсіп министрлігін басқарып, әкімшілік лауазымдарда қызмет атқарып, мемлекеттік компаниялардың тізгінін ұстаған. Сондай-ақ ХВҚ мен ОПЕК ұйымдарында Дубайдың ресми өкілі болған.

Хабар 24 телеарнасы