Бұл ел аталған вакцинаны қолдануды өткен аптада тоқтатып қойған болатын.
Себебі оны салдырған кейбір адамдардың қаны қоюланған. Кейін Еуропаның Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі одандан зиян жоқ екенін растап, қолдануға рұқсат берді. Испания негізі бұл препаратты әртүрлі қызметкерлерге, ал «Файзер» мен «Модерна» вакциналарын науқастар мен қарияларға егіп жатыр еді. Енді AstraZeneca-ны 65 жасқа дейін қарттарға да салуға рұқсат етілді.
Хосе Мануэль Плаза, мемлекеттік қызметші:
– Екпе салдыруға өз басым қорықпаймын. Вакциналардың болғаны жақсы. Тек препаратты қолдану нұсқаулығында көрсетілген кері әсерлер болмаса болғаны.