Токио аймағында коронавирус қайта өршіді

Жапония астанасына қарасты аймақта індет қайта өршіді.

Соңғы бір тәуліктке Токио өңірінде 420 адамнан вирус анықталған. Бұл осы аймақта соңғы бір айда тіркеліп отырған ең жоғарғы көрсеткіш. Мияги префектурасында да вирусты жұқтырғандар саны күрт өскен. Осыған байланысты билік коронавирустың жаңа толқыны бастала ма деп алаңдап отыр.

Айта кетейік, жергілікті үкімет жақында ғана Токио аймағында індетке қарсы қаңтар айында енгізілген төтенше жағдайды алып тастаған болатын. Себебі бірнеше айға созылған шара нәтижесінде бұл өңірде вирусты жұқтыру 80 процентке азайған еді.

Сондай-ақ...