Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір тәуліктің ішінде қауіпті дертке 5 мың 600 адам шалдыққан.
98 науқас дертінен айыға алмай көз жұмды. Ал пандемия басталғалы 4 млн-нан астам адам жұқтырған. Олардың 126 мыңнан астамы жан тапсырды. Бүгінде елде екпе егу науқаны бір ізге қойылған. Вакцинаның бірінші дозасын 28 млн 650 мың адам қабылдап үлгерді.