430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

  • 73
Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кочабамба қаласында болған әуе апатынан бортта отырған бір адам қаза тапты.

Ал ұшқыштың өзі дер кезінде катапульталанған. Белгілі болғандай, ұшақ тұрғын үйлердің біріне құлаған. Оқиғадан тағы екі адам ауыр жарақат алды. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мамандар ұшақтың әскери жаттығуы кезінде әуеде жарылуы да мүмкін болғанын айтады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы