432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Корея баллистикалық зымырандар ұшырды

  • 111
Солтүстік Корея баллистикалық зымырандар ұшырды

Солтүстік Корея тағы екі баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, зымырандар Солтүстік Кореяның шығыс жағалауынан Жапон теңізіне қарай атылып, 450 шақырымдай ұшқан. Токио зымырандар елдің экономикалық аймағынан тысқары жерге түсіп, елге ешқандай зиян келтірмегенін мәлімдеді. Бірақ қос мемлекет те Пхеньянның әректін сынға алды.

Жалпы, бұл – Солтүстік Кореяның биыл жыл басынан зымырандарды екінші рет сынауы. Өткен жексенбі күні Пхёнан-Намдо провинциясынан Жапон теңізіне қарай екі қанатты зымыран ұшырылған еді.

Хабар 24 телеарнасы