Әлемдегі ең үлкен сурет 62 млн долларға сатылды

Дубайда әлемдегі ең үлкен сурет 62 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлемі 2 мың шаршы метр картинаны британдық суретші Саша Джафри салған. Шебер оны ғаламторда әлем елдері балаларының салған түрлі суреттерінен алып құрастырғанын айтады. Ал алып туындыны салуға 8 ай жұмсапты.

Джафри картинаны аукционда бөлшектеп сатуды жоспарлаған көрінеді. Бірақ бәссаудаға қатысқан бір француз кәсіпкері картинаны толық сатып алды. Суретші түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсамақ.

Сондай-ақ...