Әйгілі нидерланд суретшісі Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы Париждегі аукционда 13 миллион 100 мың еуроға сатылды.
Бұл бірегей туындыға бастапқыда ұсынылған бағадан 3 есе қымбат. Шебер бұл суретін 19-ғасырдың соңында Парижде тұрғанда салған. Мамандар диірмен бейнеленген туынды суретшінің шығармашылық өміріндегі елеулі өзгерістер кезінде пайда болғанын айтады. Шебер осы кезде экспрессионизм стилін тудырған әдіс-тәсілді қолданған екен.