Еуроодақ вирустың үшінші толқынына қатысты алаңдаулы

Еуроодақ коронавируске қарсы вакцина шығаратын, бірақ оны Одақ құрамындағы мемлекеттермен бөліспейтін елдерге екпе бермеуге шақырды. 

Мұндай бастама Одақ басшыларының бейнеконференция түрінде өтіп жатқан саммитінде көтерілді. Ауқымды форумның күн тәртібіндегі басты мәселелерге келсек, ол Еуропадағы вакцина ісі, екпе алғандар үшін жасыл паспорт дайындау және сыртқы саясат. Басты міндет вакциналау қарқынын арттыру мен препаратты жылдам жеткізу. Сонымен қатар Еуроодақ пен Түркия қарым-қатынасын талқылау жоспарланған. Бүгін саммиттің екінші күні Ұйымға мүше елдердің басшылары цифрлық еуроны құруды пысықтап, пандемияның үшінші толқынына қарсы тұру мәселелерін талқылауы тиіс.