Түркия Қытайдан 15 млн доза вакцина сатып алған

Түркияда қытайлық Синовак компаниясының вакцинасына арналған фотокөрме өтті. Шараға Қытай мен Түркия Сыртқы істер министрлері қатысты.

Жалпы қазір Түркияда халықты вакциналу негізінен осы қытайлық бірлестіктің екпесімен жүргізіліп жатыр. Анкара бірлестіктен 15 миллион доза вакцина сатып алған. Дегенмен, осы аптада Түркияға «Пфайзер» мен «Байонтек» компанияларының бірлесіп шығарған препараты да жеткізілді. Қазір Анкара Ресей тарапымен «Спутник V» вакцинасын сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.