430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда карантин туризмге «тыныс бітірмей тұр»

  • 99
  • UPD: 13:40, 26.03.2021
Грузияда карантин туризмге «тыныс бітірмей тұр»

Грузияда індетке қарсы шаралар туризм саласының жандануына кедергі келтіруде. Әдетте мыңдаған турист келетін ел астанасы Тбилисиде шетелдіктер қарасы аз. Осыған байланысты көптеген мейрамхана мен қонақ үй ашылмай отыр. Грузияда қандай шектеулер туризмнің қалпына келуіне тосқауыл болып тұр?

Пандемия Грузиядағы демалысқа көп өзгеріс әкелді. Елде енгізілген коменданттық сағатқа байланысты бұрынғыдай қала сыртында ұзақ демалу жоқ. Карантин мейрамханалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отыр. Былтыр наурыз айында елде 10 мың мейрамхана, дәмхана болса қазір олардың саны 4 мыңнан аспайды. Сондықтан мейрамханаларда баяғыдай қаптаған шетелдіктерді көрмейсің.

Шота Бурджанадзе, Грузия рестораторлары қауымдастығының вице-премьері:

- Жұмыс уақытының шектелуі мейрамханалардың мүмкіндігін азайтып отыр. Баяғыдай ірі музыкалық шығармашылық топтарды шақыра алмайсың. Өйткені оларға төлейтін қаржы жоқ. Бұл біздің жұмысқа көп кедергі келтіруде. 

Елде ірі іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Сондықтан мейрамханалар мен қонақ үйлердің көбі жабық. Оларға қазіргідей шектеулер кезінде жұмыс істеу тиімсіз. Халықты вакциналау да баяу жүріп, дәрігерлер індеттің үшінші толқыны туралы айта бастады. Бірақ осыған қарамастан аз да болса шетелдіктерді қабылдап жатқан орындар бар.

Виталий Джеранашвили,  шағын қонақ үй қожайыны:

- Біз қонақтарға барлық жағдайды жасауға тырысып жатырмыз. Бірақ коменданттық сағат сияқты шаралар ісімізге кедергі келтіріп тұр. ПТР тест те қаржылай тұрғыдан туристер үшін жеңіл тиіп отырған жоқ. Жалпы мұндай шектеулер туризмнің жандануына мүмкіндік бермей жатыр.

Грузияда қазір музейлер мен көрмелер ашық. Бірақ театрлар мен концерттік залдар жабық. Көп адамдық экскурсиялар ұйымдастыруға болмайды. Барлық жерле бетперде тағып жүру қажет. Сондықтан туроператорлар шетелдіктерге елге келмес бұрын өз саяхатын жақсылап ойластыруға кеңес береді. 

Авторлар: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы