433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда COVID-ауруханадан өрт шығып, салдарынан алты адам көз жұмды

  • 101
  • UPD: 14:00, 26.03.2021
Үндістанда COVID-ауруханадан өрт шығып, салдарынан алты адам көз жұмды

Үндістанның Мумбаи шаһарындағы аурухана өртенді.

Бұл аурухана коронавируспен ауырып жатқан науқастарға арналған. Салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Reuters.

Жалын шарпыған клиникадан 76, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы болған жеті адам құтқарылды. Науқастардың барлығы басқа ауруханаға жатқызылды.

Ковид жұқтырғандарға арналған клиника сауда үйінің үшінші қабатында орналасқан. Ал өрт бірінші қабаттан шықты.

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы