Макрон: Ресей мен Қытай вакцина арқылы ықпал етуге тырысуда

Еуроодақ коронавируске қарсы вакцина шығаратын, бірақ оны Одақ құрамындағы мемлекеттермен бөліспейтін елдерге екпе бермеуге шақырды. 

Мұндай бастама Одақ басшыларының бейнеконференция түрінде өтіп жатқан саммитінде көтерілді.

Ауқымды форумның күн тәртібіндегі басты мәселелерге келсек, ол Еуропадағы вакцина ісі, екпе алғандар үшін жасыл паспорт дайындау және сыртқы саясат. Басты міндет вакциналау қарқынын арттыру мен препаратты жылдам жеткізу. Сонымен қатар Еуроодақ пен Түркия қарым-қатынасын талқылау жоспарланған. Бүгін саммиттің екінші күні Ұйымға мүше елдердің басшылары цифрлық еуроны құруды пысықтап, пандемияның үшінші толқынына қарсы тұру мәселелерін талқылауы тиіс.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Осы жазда біз Еуроодақ аймағындағы ересек адамдардың 70 процентін вакциналауды жоспарлап отырмыз. Сондықтан компаниялар препаратты өзге аймақтарға тасымалдамас бұрын Одаққа жеткізу бойынша өз міндеттерін орындауы тиіс. Бұл ең алдымен АстраЗенека компаниясына қатысты мәселе.     

Франция Президенті Эммануэль Макрон Еуропаға коронавируске қарсы вакцина шығаруда дербес саясат жүргізуге шақырды. Бесінші республика басшысы ЕуроОдақ халықты вакциналау бойынша артта қалғанымен қазір науқан жылдамдатылып жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ вакцина төңірегіндегі ахуалды «әлемдегі жаңа бір қақтығысты жағдай туындап отыр» дейді. Макрон бұл Ресей мен Қытайдың екпе арқылы ықпал етуге тырысуынан деп отыр.

Сондай-ақ...