433,54 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чикагода атыстан бір адам мерт болды

  • 95
  • UPD: 16:01, 26.03.2021
Чикагода атыстан бір адам мерт болды

Иллинойс штатындағы Чикагода болған атыста бір адам қаза тауып, кем дегенде жеті адам жарақат алды.

Оқиға түнде Чикаго – Эшберне аудандарының бірінде болған. Чикаго полициясының хабарлауынша, екі адам көпшілікке оқ жаудырған. Бұл туралы Chicago Sun-Times хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 26 жастағы ер адам басынан оқ жарақатын алып, сол сәтте көз жұмған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Хабар 24 телеарнасы