Бангладеште автобус апатынан 17 адам ажал құшты

Бангладеште автобус пен шағын автобус соқтығысып, кем дегенде 17 адам қаза тапты.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Жол апаты Раджшахи қаласында болған. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр.