Үндістанда COVID-ауруханадағы өрттен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті

Үндістанда коронавирус науқастарына арналған ауруханада өрт шығып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Мумбай қаласында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, уақытша аурухана сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан. Ал өрт бірінші қабатта басталған. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.