430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстандағы 35 млн халықтың 72%-і әрең күнелтіп жүр

  • 138
  • UPD: 21:40, 26.03.2021
Ауғанстандағы 35 млн халықтың 72%-і әрең күнелтіп жүр

Ауғанстандағы 35 миллион халықтың 72%-і әрең күнелтіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың күн сайынғы табысы 2 долларға да жетпейді. Ал жұмыссыздық деңгейі 30% шамасында. Бұл – Дүниежүзілік банк жариялаған зерттеу нәтижелері. Сарапшылардың айтуынша, елдегі экономикалық дағдарыстың негізгі себебі – тұрақсыздық. Соңғы бір жылда Кабул көшесінде күнде кемінде бір көлік жарылады. Күл-паршасы шыққан көлік алынбай, бірнеше күн тұрады, мұның соңы кептеліске әкеледі. Күнделікті қала өмірінде бұл да үлкен кедергі.

Масуд, механик:

- Полиция келіп, механик Самиді қамауға алды. Ол бомбалар жасап жүріпті. Біз мүлде білген жоқпыз. Бізге жүргізушілер көліктерін әкелгенде жасырын бекітілген бомбалар бар ма деп қорқамын. Себебі оларды тексеретін құрылғы бізде жоқ.

Рахматулла Набил, Ауғанстанның барлау қызметінің бұрынғы басшысы:

- Арзанқол бомбалармен жарылыс жасауда жоспарлау аса маңызды. Бейшара механикті қамауға алумен іс бітпейді. Лаңкестер оны егер бомбаны істемесең, отбасыңды, балаларыңды өлтіреміз деп қорқытуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы