Испанияда үш мигрант ажал құшты

Испанияда үш мигрант ажал құшты

Испанияның Тенер-Ифе аралына жақын маңда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 3 босқын қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше бала мен ересек адам жарақат алған. Жалпы мамандар 41 мигрантты құтқарып қалған. Бұл туралы Испанияның Жағалау күзетіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Қайық адамға лық толы болған. Қаралы хабарды құзырлы органға балықшылар жеткізген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, былтыр жүздеген мигрант Испанияға қарасты аралдарға жете алмай, орта жолда көз жұмған.