Бразилия коронавируске қарсы вакцина жасап шығарды

Бразилиялықтар коронавируске қарсы өз вакцинасын жасап шығарды. Оны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары сәуірде басталуы тиіс.

Шілдеде препаратты жаппай вакциналау кезінде қолдану жоспарланып отыр. Мамандар екпе ең алдымен жергілікті тұрғындарға салынатынын айтады. Кейін өзге елдерге жеткізіледі. Ғалымдар препаратты жануарларға сынаған. Сөйтіп, ол өз қауіпсіздігін көрсеткен. Мамандар екпе басқа препараттармен салыстырғанда арзан болатынын айтты. Вакциналау үшін бір дозасы да жеткілікті болуы мүмкін дейді.

Сондай-ақ...