Парижде мысықтар мүсіні қойылған көрме өтті

Францияда мұражайлардың жабық тұрғанына жарты жылға жуықтап қалды. Париж билігі өнерсүйер қауымның көңілін көтерудің амалын ойлап тапқан.

Мұнда Елисей алаңында көрме ұйымдастырылып, оған қоладан жасалған мысықтардың мүсіні қойылған.

20 экспозиция көрші Бельгиядан әкелініпті. Барлығы комикс кейіпкерлері. Олар француздар арасында оптимизм мен шаттықтың нышаны ретінде танымал. Сондықтан Париж тұрғындары көшедегі көрме болашаққа үміт сыйлайтын жақсылықтың бастамасы екенін айтты.

- Көшеде серуендеп жүрміз. Ауа райы тамаша. Мына көрме бізге керемет көңіл-күй сыйлайды.

- Қаншама ай шектеу шараларанынан көз ашпай келеміз. Бірақ мысықтарға қарап, бәрі де өзгеруі мүмкін деп ойлап кетесіз. Мүсіндер маған да, әйелі ме де ұнады.