Колумбиядағы шахтада он бес кенші көміліп қалды

Колумбиядағы алтын шахтасында 15 кенші қалып қойды. Бұл туралы Ұлттық тау-кен агенттігі мәлімдеді.

«Кальдас департаментінің Нейра муниципалитетіндегі алтын өндіретін шахтада апатқа байланысты шұғыл көмек көрсетіліп жатыр. Ақпаратқа сәйкес, 15 кеншіден хабар жоқ»,- деп жазды агенттік өкілі Twitter парақшасында.

Шахтадағы апат көшкін салдарынан болған.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.