430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мьянмадағы ереуіл кезінде бірнеше ондаған адам қаза тапты

  • 139
  • UPD: 21:47, 27.03.2021
Мьянмадағы ереуіл кезінде бірнеше ондаған адам қаза тапты

Мьянмада әскерилердің әрекетіне қарсы ереуілдің басылар түрі жоқ. Бұл жолы да наразылық акциясының соңы тәртіпсіздіктерге ұласты.

Ереуіл Қарулы күштер күніне орайластырылған парадқа қарсы ұйымдастырылған. Алайда шара соңы қақтығысқа ұласып, күштік құрылым өкілдері көз жасаурататын газ бен қару қолданған.

«Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабаралуынша, тәртіпсіздіктер кезінде 90-нан аса адам көз жұмған. Ақпанның басында Мьянма қарулы күштері әскери төңкеріс жасап, билікті басып алған еді. Сол уақыттан бері елде ереуіл толастамай тұр. Сарапшылар тәртіпсіздіктер кезінде 400-ге жуық адамның көз жұмғанын хабарлайды. Әскерилердің бұл әрекетін әлемдік қауымдастық та қатаң сынға алып отыр.

Хабар 24 телеарнасы