Суэц каналындағы оқиғадан су ластанған жоқ

Суэц каналындағы оқыс оқиға экологияға зиянын тигізген жоқ.

Канал әкімшілігінің басшысы осылай деп отыр. Айтуынша, төтенше жағдай кезінде су ластанбаған. Негізі бірер күн бұрын мұнда контейнер тасымалдайтын алып кеме қайраңға тұрып қалды. Салдарынан Суэц каналындағы қозғалыс шектелген. Соңғы дерек бойынша жүк көтергіштігі 220 мың тоннандан асатын алып су көлігі орнынан сәл қозғалған. Дегенмен, каналда әлі 300-ден аса кеме кезегін күтіп тұр. Алғашында оқыс оқиға ауа райының қолайсыздығынан болды делінген. Алайда әкімшілік оған техникалық ақау не адами фактор да себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ...