Барселонада ковид-тәжірибе ретінде 5000 адамның қатысуымен концерт өтті

Барселонада ковид-тәжірибе ретінде концерт өтті. Оған 5 мың адам қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы бір күнде коронавирусқа тест тапсырып, оның теріс нәтижесі туралы анықтама алған. Қонақтар концерт кезінде әлеуметтік қашықтық сақтмаған. Дегенмен, масканы шешуге рұқсат берілмеді. Ұйымдастырушылар осылайша, жаппай шараларды өткізудің қаншалықты қауіпсіз екенін тексеріп көрмек. Бірақ оның нәтижесін біраз уақыт күту керек. Мамандар бірнеше аптадан кейін концерт қонақтары мен халық арасындағы коронавируспен ауру деңгейін салыстыратын болады.

«Тек осыдан кейін ғана тәжірибенің қорытындысы туралы жария етеміз», дейді. Негізі бұған дейін Нидерландта да ұқсас шара қолға алынған еді. Мұнда көп адамның қатысуымен сауық кеші және футбол матчы өткен.

Блиц 1:

- Керемет әсер алдық. Бір сәтке болсын, пандемия туралы ұмыттық. Кезінде осындай концертке келгенде әлеуметтік қашықтық не басқа да сақтық шаралары жайлы ойламаушы едік. Өкінішке қарай, қазір мұның бәрі қалыпты жағдайға айналды.

Блиц 2:

- Жанды дауыстағы концертке қатыспағалы қай заман. Бәрі керемет өтті. Барлығымыз коронавирусқа тест тапсырғасын, қауіпсіздігіміз үшін еш алаңдамадық.

Сондай-ақ...