Колумбиядағы лаңкестік әрекеттен жапа шеккендер саны артты

Бұған дейін 17 адамның жарақат алғаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы мәлімет бойынша олардың саны 40-тан асып кеткен.

Айта кеткен жөн, елдің оңтүстік-батысында мэрия ғимараты мен полиция бөлімшесі маңында көлікке қойылған зат жарылған еді. Жарылысты ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Дегенмен, билік бұл «Колумбияның революцияшыл қарулы күштерінің» ісі екенін айтады.