430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каирде тұрғын үйдің опырылуынан қаза тапқандар саны 22-ге жетті

  • 126
  • UPD: 12:36, 28.03.2021
Каирде тұрғын үйдің опырылуынан қаза тапқандар саны 22-ге жетті фото: Extra News

Сенбі күні Каирде көп қабатты тұрғын үйдің опырылып түсуі салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Extra News телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға түнде ел астанасының шығысындағы Гиср-эс-Суэйс атты халық тығыз орналасқан ауданда болды.

Құтқарушылар күні бойы тірі қалғандарды іздеп, арнайы техниканың көмегімен үйінділерді бөлшектеді. Кешке мамандар көрші ғимараттардың құрылымдарына төнетін ықтимал қауіпті анықтау үшін құлаған 10 қабатты ғимаратқа жақын орналасқан ғимараттарды тексеруге кірісті.

Алдын ала мәліметтер бойынша үй иесі үстіңгі алты қабатты заңсыз қосып салған. Бастапқыда, 2011 жылы салынған үйде, төрт қабат болған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше күн бұрын бірінші қабатта орналасқан дүкенде оның иесі қабырғаларды тесіп, бірнеше тірек бағандарын бұзып, қайта салуды бастаған.

Бұған дейін Каирдегі аудандардың бірінде орналасқан көп қабатты тұрғын үй опырылып түскені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы