Германияда бір тәулікте 17 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Германияда бір тәулікте 17 176 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Пандемия басталғалы елде 2 772 401 адам COVID-19 жұқтырғаны тіркелді.

Бұл мәліметтерді Роберт Кох институты келтіріп отыр.

ГФР-да бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 90 науқас, ал пандемия уақытында 75 870 адам көз жұмды.

Айта кетейік, елде карантин режимі 18 сәуірге дейін ұзартылған еді.