Сербияда шетелдіктерге тегін екпе салынып жатыр   

Сербияға соңғы екі күнде 10 мыңға жуық шетелдік келген.

Өйткені билік осы демалыс күндері өзге ел азаматтарына коронавирусқа қарсы тегін вакцина салынатынын жария еткен. Бірақ ұсынысты осыншама көп адамның қолдай кететінін білмесе керек. Сөйтіп вакциналау орталықтарының алдында және шекарада ұзын-сонар кезек пайда болды. Тегін екпе алуға келгендер қатарында көрші Босния және Герцеговина, Черногория, Солтүстік Македония азаматтары бар. Сербияда вакциналау жұмыстары Еуропаның өзге елдерімен салыстырғанда тез жүріп жатыр. Мұнда 7 миллионға жуық халықтың 2 миллионы препараттың кем дегенде бір дозасын алып үлгерген. Елде екпенің 4 түрі қолданыста бар. Ал көрші мемлекеттерде вакциналау жұмысы енді басталған. Кейбірінде препарат тапшы.

БЛИЦ:

- Бізде Македонияда вакцина жоқ. Сербияға келуімнің себебі осы. Осындай тамаша мүмкіндіктікті жіберіп алмауымыз керек деп ойлаймын.

- Біз бұл жаңалықты ести салысымен осында бірден келдік. Қажетті құжаттарды толтырдық та, вакциналауға жазылдық.

 

Сондай-ақ...