Индонезияда шіркеу алдында жарылыс болды

Индонезияда шіркеу алдындағы жарылыс салдарынан 14 адам жарақат алды.

Оқыс оқиға Макасар қаласында болған. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, күзетші шіркеу аумағына өтпек болған екі адамды тоқтатқан. Осы сәтте біреуі өзін өзі жарып жіберген. Оқыс оқиға салдарынан таяу маңда тұрған бірнеше көлікке зақым келді. Әзір жарылысты ешбір топ өз мойнына алған жоқ. 

Анта Тха, куәгер:

- Мен жарылыс салдарынан беті-басы қан-қан болған әжейді көрдім. Бірден оны және үш немересін мотоциклімнің жанына алып келдім. Жұрт есін білмей, жан-жаққа қашып жатты.