COVID-19: Үндістанда соңғы 5 айдағы ең үлкен тәуліктік өсім тіркелді

Үндістанда бір күнде 62 мың 700 адам коронавирус жұқтырған.

Бұл соңғы 5 айдағы ең үлкен тәуліктік өсім. Ең көп дерек елдің орталық бөлігіндегі Махараштра штатында тіркелді. Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты мұнда түнгі коменданттық сағат енгізілген. Өңірдегі барлық сауда орталығы жабық тұр. 5 адамнан артық жиналуға болмайды. Қазір Үндістанда коронавирус жұқтыру деректерінің саны 12 миллионға жуықтайды. Мемлекет әлемдік антирейтингте АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші тұр.