АҚШ-тың Теннесси штатындағы қатты дауылдан кейін басталған су тасқынынан 4 адам қаза тапты.
Табиғат апаты Нэшвилл қаласында болған. Бірнеше күн төпелеп жауған жауыннан аймақтағы ғимараттар мен тұрғын үйлер топан су астында қалды. Құтқарушылар 130-дан астам адамды өлім аузынан аман алып қалғанын айтады. Тұрғындардың көбі көліктерінен шыға алмай қалған екен. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасуда. Ал апаттың шығыны есептеліп жатыр.