Пашинян отставкаға кетеді

Армения премьер-министрі сәуірде отставкаға кететінін мәлімдеді. Никол Пашинян бұл мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін қажет формальді шара екенін айтты.

Шара 20 маусымға  жоспарланып отыр. Ал оған дейін Никол Пашинян премьер-министрдің міндетін атқара беретін болады. Жергілікті заң бойынша жазға белгіленген саяси додадан кейін парламент жаңа министрді сайлауы тиіс. Егер екі тур кезінде де үміткерлердің ешбірі қажетті дауыс санын жинай алмаса, парламент өзін өзі таратып жібереді.