430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда коронавируске қатысты жағдай күрт қиындады

  • 82
  • UPD: 09:27, 29.03.2021
Германияда коронавируске қатысты жағдай күрт қиындады

Германияда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Соңғы үш күн бойы елде тәуліктік өсім 20 мыңнан түспей тұр.

Бұл қаңтардан бері алғаш рет тіркеліп отырған жағдай. Сондықтан 3 өңірдің билігі шектеу шараларын күшейтті. Мәселен, киім-кешек сататын дүкенге, сән салоны мен мұражайға кіру үшін келушілердің қолында коронавирусқа тапсырған тестінің теріс нәтижесі болу керек. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік дәмхана мен мейрамхана иелеріне қайта ашылуға рұқсат бермеді. Алайда дәрігерлер бұл шараның жеткіліксіз екенін айтады. Олар биліктен жалпыұлттық локдаун енгізуді сұрап отыр. 

Лотар Вилер, Роберт Кох атындағы институт басшысы:

- Коронавирустың үшінші толқынының салдары алғашқы екеуінен де ауыр болуы мүмкін. Жансақтау бөлімінде науқас көбейіп, ауруханаларда бос орын табылмай жатса таң қалмаймыз. Осыған дайын болуымыз керек. Үшінші толқын енді ғана басталды. Болжам бойынша алдағы апталарда ахуал жағдай ушыға түсетін секілді.

Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты билік бірнеше ережені қатаңдатты. Мәселен, енді өзге елден келген азаматтар Германияға қонғаннан кейін емес, ұшаққа мінбей тұрып, коронавирусқа тест тапсыру керек. Сондай-ақ вирус жұқтыру деңгейі жоғары мемлекеттен оралғандар 10 күн карантинді болуға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы