Британия шекарасын тамызға дейін ашпауы мүмкін

Ұлыбритания өз шекарасын тамыз айына дейін ашпауы мүмкін. Бұл туралы елдің мәдени министрі Оливер Доудэн хабарлады.

Шектеу шаралары шет ел азаматтарына ғана емес, британдықтардың өздеріне де қатысты болмақ. Яғни британ азаматы саяхат үшін әзірге өзге елге шыға алмайды. Бұл талаптарға  бағынбағандар үшін жаза қатаң. Әуежайда белгілі бір себепсіз келгендерге 5 мың фунт немесе шамамен 3 млн тенге айыппұл салынбақ. Жаңа ереже бүгінен бастап заңды күшіне енді. Ал Ұлыбританияның өзінен тек жұмыс бабымен, оқуға, үйлену тойына немесе жерлеу рәсіміне қатыспақ болған азаматтар ғана шекара аса алады.