Францияда карантинге бағынбау дерегі жиіледі

Францияның тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жүздеген полиция қызметкері елдегі карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауға кіріскен.

Күн райының жылынуымен халық Сена өзенінің жағалауына көптеп жинала бастады. Ал француздардың көбі болса санитарлық талаптарға немқұрайлық танытып жатыр. Әлеуметтік арақашықтық пен маска тағу режимі сақталмайды. Тәртіп бұзғандар айыппұл төлеуге мәжбүр.

Естеріңізге салайық, бүгінде Францияның 19 ауданы карантинге жабық. Жергілікті ауруханаларда 5 мыңнан астам науқас ем қабылдап жатыр.