АҚШ-та ковидпен байланысты ахуал күрделеніп келеді

АҚШ-тың 20 штатында ковидтың мутациаланған түрін жұқтырғандардың саны күрт өсіп келеді.

Карантин шараларының жеңілдетілуі мен халықтың сақтық ережелерге немқұрайлықпен қарауы жағдайдың нашарлауына алып келді. Мәселен, Флорида штатында індетті жұқтырғандардың орташа көрсеткіші тәулігіне 5000 адамнан асты. Ал штат бойынша вакциналанған тұрғындарының саны болса 15 процентті ғана құрап отыр. Сонымен қатар Аризона, Айова, Миссисипи, Монтана және Дакота штаттарында маска тағудағы жеңілдіктер мен ресторандардың толықтай жұмыс істеуге рұқсат алуы індеттің таралуына әсер етері анық. Сол себепті алдағы уақытта американдықтар пандемияның кезекті толқынына дайын болуы тиіс дейді АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары.

Рошель Валенски, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры:

- Біздің елде ковидті жұқтырғандар мен ауруханаға жатқызылғандардың саны айтарлықтай төмендеген еді. Алайда қазіргі кезде кейбір штаттардағы жағдай мүлдем нашарлап келеді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының зерттеуі бойынша қалыптасып жатқан жағдайды тез арада қолға алып, індеттің таралуын тоқтатпасақ пандемияның кезекті толқынына тап боулымыз мүмкін.

Сондай-ақ...