Чехияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Чехияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Қазір ғалымдар арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Мамандар қолда бар вакцинаның жаңа штамға қарсы тиімділігін анықтауда. Алайда вирустың бұл түрі британдық және оңтүстік африкалық штамдарға қарағанда қауіпті емес екенін айтып отыр. Десе де, жергілікті билік халықты санитарлық талаптарды сақтап барынша сақ болуға шақырады.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Чехияда 1,5 млн адам індеттің ілмегіне ілккен. Науқастардың 26 мыңы осы кеселден көз жұмды.