Суэц каналындағы кеме шығарылды

Суэц каналында кептеліс туғызған «Евер Гивен» контейнерлік кемесі қайраннан шықты.

Су көлігі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4 жарымда шығарылды. Құтқарушылар шамамен 27 мың текше метр құмды қазған. Алайда каналдағы көлік қозғалысы қашан жанданатыны әзірге белгісіз.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұзын сонар кезекте 450-ден астам кеме тұр.

Сондай-ақ...