COVID-19 жарқанаттан өзге жануардан жұққан болуы мүмкін

Коронавирус адамға жарқанаттан басқа бір жануар арқылы жұққан болуы мүмкін.

«Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар есебінде айтылған. Бірақ қай жануар екені әзірге нақты көрсетілмеген. Сондай-ақ мамандар адам вирусты жарқанаттан немесе мұздатылған тамақтан жұқтыруы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Бұдан басқа індеттің зертханадан тарауы мүмкін деген нұсқа сенімсіз болып отыр. Ұйым өкілдері зерттеуді жалғастыру керек деп есептейді. Оның үстіне көпшілік назарына ұсынылған есеп әзірге бастапқы версия, түпкілікті қорытынды жақында таныстырылады.

Сондай-ақ...