430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия коронавирусқа қарсы шараларды қатаңдатты

  • 136
  • UPD: 08:54, 30.03.2021
Түркия коронавирусқа қарсы шараларды қатаңдатты

Түркияда демалыс күндеріне арналған коменданттық сағат қайта енгізілді.

Бұған елдегі эпидемологиялық жағдайдың ушығуы себеп. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы тәулікте 30 мыңнан астам кісі коронавирусқа шалдыққан. Бұл желтоқсан айынан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш. Салдарынан 58 провинция қауіпті аймаққа кіріп, бір ай бұрын алынып тасталған сақтық шаралары қайта күшіне еніп отыр. Осы категорияға кірген қалалардың арасында Анкара, Анталия, Измир, Ыстамбұл мен Мұғла да бар. Бұдан бөлек, Рамазан айында топтасып сәресі мен ауызашар өткізуге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда карантин шаралары 1 наурыздан бастап жеңілдетілген еді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Өлім-жітімнің артуы қолданыстағы сақтық шараларын қайта қарауға мәжбүр етті. Еліміздің 80% процент тұрғыны өмір сүретін 58 провинциясы қайта қауіпті аймаққа кірді. Бұл шаһарларда сенбі-жексенбі күндері коменданттық сағат енгізіледі. Сондай-ақ күнделікті кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейінгі коменданттық сағат ел көлемінде сақталады.

Хабар 24 телеарнасы