Үндістанда шектеулерге қарамастан «Бояулар фестивалі» өтуде

Үндістанда індетке байланысты қабылданған шектеу шараларына қарамастан, «Бояулар фестивалі» басталды.

«Холиге» мыңдаған тұрғын қатысуда. Олар бетперде кимей, арақашықтық сақтамай билеп, ән салып әлек. Негізі билік бұл мерекені көшеге шығып, кеңінен атап өтуге тыйым салған болатын. Бірақ халықтың бұған құлақ асар түрі жоқ. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы күндері бір тәулікте 70 мыңға жуық адам індет жұқтырған. Көлікті мас күйінде басқаратын жүргізушілер де көбейіп кетті.