Джо Байден маска тағуды қайта міндеттеді

Бүгін АҚШ президенті Джо Байден бірнеше штаттың губернаторлары мен жергілікті басқару өкілдеріне масқа тағуды қайтадан міндеттеуге шақырды.

Айтуынша, ковид пандемиясының аяқталуына дейін әлі де біршама уақыт қажет. Өйткені елдің 17 штатында қатерлі індет қайта өршіп, ауруханаға түскендердің көрсеткіші 10 процентке өскен. Олардың дені жастар дейді елдің Ауруларды бақылау және алдын алу ортылығының мамандары. Орташа есеппен бір тәулікте ковид вирусын жұқтырғандардың саны 60 мыңға жетіп отыр. Өткен аптамен салыстырғанда 16 процентке жоғары. Осыған байланысты Президент Байден кейбір штаттардың ашылуын кейінге қалдыруды ұсынып, сәуірдің 19-на дейін ересек америкалықтардың 90 пайызы вакцина егуге мүмкіндік алатынын мәлімдеді.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Еліміздің губернаторларына айтарым, масқа тағуды және сақтық шараларды күшейтуді қолға алыңыздар. Президент ретінде мен өз жұмысымды жасаудамын, сіздер де өз тараптарыңыздан жауапкершілік танытып, масқа тағып жүріңіздер. Сонымен қатар шағын бизнес өкілдері де кез келген тұтынушының масқа тағуын талап етуі тиіс.

Ақ үй басшысы Джо Байден вакцинаны кәмілетке толған барлық америкалықтарға қолжетімді еткізудің қажеттілігін де баса айтты.

Айта кетейік, қазіргі кезде АҚШ-тың көптеген штатында 18-ге толған америкалықтар кезекке жазылып, жергілікті дәріханаларға барып ковид вакцинасын салдыра алады. Ресми деректер бойынша орташа есеппен тәуілігіне 2,5 миллион америкалық ковид екпесін салдырады екен.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Сәуірдің 19-на дейін үш аптадай уақыт қалды. Демек, 18-ге толғандардың 90 проценті өздерінің тұрғылықты жерлерінен 5 миль қашықтықта орналасқан дәріханалар мен жедел жәрдем орталықтарынан вакцинаны ала алады деген сөз. Оң нәтижелерге қарамастан, пандемиямен күрес белгілі бір уақытқа дейін жалғасатынын ұмытпайық.