Францияда шектеу шаралары тағы да күшейтіледі

Өйткені қазір күнделікті өсім 35 мың шамасында.

Эпидемиологиялық ахуалы нашар өңірлерде жан сақтау бөлімдеріне орын жоқ. Негізі бұған дейін 19 департаментте локдаун жарияланған. Алайда сарапшылар оның тисті нәтиже бермей отырғанын айтады. Өйткені ауру деңгейі төмендемей тұр. Вакциналау да баяу жүріп жатыр. Осы күнге дейін екпенің қажетті екі дозасын халықтың 4 проценті ғана алған екен. Ғалымдар вакцинаның оң әсері тек сәуірдің аяғында ғана сезілуі мүмкін дейді. Ал тұрғындар болса ережелердің сақталуын ешкім де жөнді қадағаламайтынын айтады. Мәселен, француздарға мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге кеңес берілген. Бірақ қызметкерлердің кеңседе жүрген-жүрмегенін ешкім тексермейтін көрінеді. Сондай-ақ тұрғындарға үйінен 10 шақырымнан алыс жерге серуендеуге болмайды. Алайда оны бақылап жатқан полицейлер жоқ дейді француздар.   

БЛИЦ:

– Мен үшін айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Бәрі жақсы. Локдаунда өмір сүріп жатқандай сезім жоқ.

– Барлық орын жабық тұр. Жүріс-тұрысымыз шектелді. Дегенмен бұрынғы локдаунмен салыстырғанда, қазіргі ережелер ондай қатаң емес.

Локдаунға қарамастан Парижде көшеде жүрген адам көп. Өйткені күн жылығасын, тұрғындардың үйде отырғысы жоқ. Тиісінше саябақта, жағалауда кісі қаптап жүр. Бірақ 6 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ. Бұл үшін айыппұл қарастырылған. Алайда тұрғындар полицейлер әдетте ескертулермен ғана шектелетінін айтады.