AstraZeneca вакцинасының атауы өзгерді

Коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасының атауы өзгерді.

Енді ол Vaxzevria деп аталады. Дегенмен препараттың құрамы еш өзгеріссіз қалады. Сарапшылар бұл шешімнің Еуропадағы соңғы жанжалдармен байланысты екенін айтады. Кәрі Құрлықта AstraZeneca салдырғаннан кейін тромбоз пайда болады деген ақпарат тараған. Салдарынан бірнеше ел оны қолдануын тоқтатты. Соңғы ақпарат бойынша, Канада билігі де жасы 55-тен асқан тұрғындарға бұл екпені салуға тыйым салған. Алайда жуырда осы мәселеге қатысты отырыс өткізген дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттік екпе қауіпсіз әрі тиімді деген мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ...