Гвинеяда қайық аударылып, салдарынан 15 адам көз жұмды

Гвинеяның солтүстік-батысында тойдан қайтқан қайық аударылып, кем дегенде 15 адам көз жұмған.

Бұл туралы Кенияның Nation газеті жазды.

«22 наурызда адамдар тойдан келе жатқан, салмақтың тиісті межеден асып кетуіне байланысты қайық Канфаранде ауылының маңында аударылып, суға кеткен. Салдарынан 15 адам қайтыс болып, 20 адам құтқарылды», – деді жергілікті билік өкілі Хасан Санусси Камара.

Бірақ іздестіру жұмыстары жалғасуда, себебі қайықта нақты неше адам болғаны белгісіз.