АҚШ-қа ағылған заңсыз мигранттардың нөпірі толастар емес

Арасында кәмелет жасқа толмаған кірмелердің саны күннен күнге көбейіп барады.

Заңды қарауы жоқ балалар мен 7 жасқа дейінгі балғындары бар отбасыларды жергілікті билік Техас штатындағы уақытша орталыққа орналастыруда. Қазір бұл баспана Латын америкадан келген мигранттарға лық толы. Кеден бақылау бекеттеріндегі қызметкерлер күніне 5 мыңнан астам адам шекара асқысы келетіндерін айтады. Заң бойынша АҚШ аумағында тек 7 жастан аспаған балалары бар келімсектерге ғана қалуға мүмкіндік беріліп жатыр. Қалғандары өз елдеріне депортациялануда.

Айта кетейік, Америкаға қоныс тепкісі келетіндердің көптігі сонша, ел билігі мигранттардың легіне төтеп бере алмай қалды. Бұл мәселе төңірегінде қазір Вашингтон мен Мексика арасында екіжақты келіссөздер де жүріп жатыр.