Атқылап жатқан жанартау жанында волейбол ойнаған адамдардың видеосы тарап кетті

Ғаламторда атқылап жатқан жанартау жанында бейқам волейбол ойнаған адамдардың бейнежазбасы пайда болды.

Оның Исландияда түсірілгені белгілі.

Негізі жуырда дәл осы жанартаудың жанында түсірілген тағы бір бейнежазба ғаламторда кеңінен тараған еді. Онда ғалымдар тобы суып үлгермеген лаваның үстінде шұжық қуырған болатын. Исландиядағы бұл жанартау 10 күн бұрын оянған. Билік оның жанына жақындау қауіпті екенін ескерткен. Алайда туристер мен тұрғындар бұған құлақ аспай жатқанға ұқсайды.