Смартфондары ең көп сатылған компания аталды

2021 жылдың ақпан айында смартфондардың сатылу көрсеткіші жағынан Samsung компаниясы көш бастады.

Бұл туралы Strategy Analytics есебінде айтылды.

Оңтүстіккореялық корпорация 24 млн бірлік смартфон сатып, әлемдік нарықта 23,1 процентке ие болса, екінші орынға жайғасқан Apple 23 млн iPhone сатқан – 22 процент.

Үшінші орында келе жатқан Xiaomi 11,5 процентке ие болды. Ал Қытайдың Vivo және Oppo компаниялары тиісінше 10,6 және 8,5 процентке қол жеткізді.

Huawei-дің көшбасшылар қатарына іліге алмауына санкциялық қысымдар себеп.